Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz – «Tokyo Seiko MFG» компаниясы басқармасы Алатау ауданындағы «Tokyo Rope Almaty» метиз зауытын салу жөніндегі жобаның екінші кезегін жүзеге асырмақ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жапониядағы іскер орта өкілдерімен бірқатар екі жақты кездесулер өткізіп,Токио қаласының мэрі Юрико Койке ханымен жүздесті.
Екі жақты тарап инвестициялық, сауда-экономикалық салалар және қаланы одан әрі дамыту бойынша мәселелерді талқылады.
Жол қозғалысын басқаратын Токио Орталығында болғаннан соң «Смарт сити» жобасы аясында сараптамалық есептеулер жүргізеді. Бұл жоба Алматының даму Орталығы қала трафигін басқарудың осыған ұқсас орталығын құру үшін арнаған. Сондай-ақ «Алматы Су» холдингі «YYS International Pte» компаниясымен бірге суды тазартудың коагулянтты гранул (су тазалауға арналған зат - ред.) жүйесін жүзеге асырады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024