Алматы. 18 шілде. 7kun.kz - Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Мұрат Дәрібаев тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөзі хабарлады.
Осыған дейін әкімнің орынбасары болған Румиль Тауфиков басқа жұмысқа ауысады.
Дәрібаев Мұрат Амангелдіұлы - 1971 жылы 11 маусымда дүниеге келген. 1996 жылы Алматы автожол институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Бұған дейін «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік» ҰК» АҚ-ы басқармасының төрағасы қызметін атқарған.
Айта кетейік, Алматы әкімі Бауыржан Байбек экс-орынбасар Румиль Тауфиковтің атқарған жұмысын жоғары бағалады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024