Алматы. 11 шілде. 7kun.kz – 11 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қазір қызыл аймақта ешқандай өңір жоқ. Алайда қазір «сары» аймақта тұрған Алматы «қызыл» аймаққа өтуге жақын.
Қалған өңірлердің барлығы жасыл аймақта орналасқан.
Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 454 жағдай тіркелді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 118, Алматы қаласында - 200, Шымкент қаласында – 23, Ақмола облысында – 7, Алматы облысында - 30, Атырау облысында - 16, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Жамбыл облысында - 17, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 11, Қостанай облысында - 3, Қызылорда облысында - 12, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 5, Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Түркістан облысында - 3.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024