Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы маңында тағы бір әуежай салынады

Алматы маңында тағы бір әуежай салынады

ҚР Инвестиция және даму министрлiгi Алматы әуежайының құрылысын салуға ниет бiлдiрген үш шетелдiк компанияның ұсынысын қарастыруда, деп жазады Қазақпарат.

«Қазақстанның екi негiзгi әлемдiк нарықтың ортасында орналасуы 66 қадамда («100 қадам» Ұлт жоспары) айтылған авиациялық хабтың құрылуын талап етедi. Оған Алматыда тиiстi инфрақұрылымы бар жаңа әуежайды салу арқылы қол жеткiзу жоспарланып отыр. Бұл бағытта жұмыстар басталды. Бүгiнде үш инвестордың: қытайлық «Тенгри Холдинг», сингапурлық «Changi Airports International Ltd» және француздық «Vinci Group» компанияларының ұсыныстары қаралды. Инвестициялық ұсыныстар алдын ала қарастырудан өткен соң, жобаның стратегиялық маңыздылығы мен жоғары құнын ескере отырып, ең тиiмдi ұсынысты анықтау үшiн шетелдiк кеңесшiлер тартылды - делiнген хабарламада. Министрлiктiң атап көрсетiлгенiндей, «Тенгри Холдинг» пен «Changi Airports International Ltd» жаңа әуежайдың жобасын ұсынса, француздық «Vinci Group» компаниясы қолда бар әуежайды кеңейту бойынша жобаны ұсынуда. Инвесторлар негiзгi талап ретiнде салық саясатын жеңiлдетудi, қажеттi инфрақұрылымды республикалық бюджет есебiнен салуды және жер учаскесiн бөлудi сұрап отыр.

Похожие материалы