Дәстүрге айналған – «Алматы марафоны» биыл он бірінші рет өткізілмек. Биыл 12 000 спортшы жарысқа қатысып, жүгіру қашықтықтарын еңсермек. Жарысты бастау және мәре сызығы Республика алаңында жоспарланған.
Жыл өткен сайын шара қарқын алып, ауқымды сипат алуда. Мәселен, биыл жақын және алыс шетелден 30-дан астам қатысушылар келеді деп күтілуде. Сондай-ақ осы жылы «Алматы марафоны» аясында алғаш рет марафон және 10 шақырымдық жүгіруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Марафонға 15 жастан асқан кез келген адам қатыса алады және олар мәреге жеткенде естелік медальмен марапатталады. Ерлер мен әйелдер арасында барлық жас санаттары бойынша үздік үштікке ие болған жеңімпаздар медальдармен, мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ 21,1 км және 42,2 км қашықтықтарда абсолюттік санаттардағы ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болады.
Қатысу үшін онлайн-тіркеуден өтіп, almaty-marathon.kz сайтында қатысу ақысын төлеу қажет.
Ұсынылған қашықтықтар: 42.2 км, 21.1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, Экиден командалық эстафетасы.
Іс-шара AIMS халықаралық старттар мен жүгірістер қауымдастығына кіреді, марафон трассалары World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған.
Марафонға тіркелу сайтта 2022 жылдың 9 қыркүйегіне дейін немесе 12000 қатысушыға, оның ішінде 90 Экиден командасына жеткенге дейін жалғасады.
Титулдық демеуші: Kaspi.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024