Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы марафонына кімдер қатысты?

Алматы марафонына кімдер қатысты?

Алматы марафонына қатысушылар арасында шоу бизнес пен бизнес, спорт пен саясатқа қатысы бар танымал тұлғалар көп. Көптеген компаниялар арнайы командасымен қатысуда. Мысалы: Алматы марафонының бас демеушісі Kaspi Bank-тің бас кеңсесі мен өңірлердегі филиалдарынан 50-ге жуық адам қатысуда.

[caption id="attachment_68146" align="aligncenter" width="960"] Фото: Сауле Мусина[/caption]

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жарысты бастап берді.

[embed]https://www.instagram.com/p/BTNlx9SBjaw/?tagged=%D0%B0%D0%BB%D0%BC%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BC%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%BE%D0%BD2017[/embed]

Құрылыс саласындағы танымал компанияның бірі Sheberbuild командасын бас директоры Олжас Сүлейменов бастап келіпті. 

Әншілерден Диас Аблаев бой көрсетті. Ол инстаграм парақшасына биыл үшінші рет қатысудамын деп бір мақтанып алыпты.

[embed]https://www.instagram.com/p/BTNowlLjVAJ/?taken-by=dias_ablayev[/embed]

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов әлі спорттық бабында екенін көрсетті.

[embed]https://www.instagram.com/p/BTNxMADDhRq/?taken-by=logvinov_01[/embed]

Альпинистер Мақсұт Жұмаев, Мағжан Сағымбаев пен 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы Евгений Левкин, Майя Манеза мен Александр Винокуров қатысуда. Евгений Левкин жол-көлік апатынан кейін арбаға таңылған еді. Достары "марафонда Евгенийді қолдау үшін жүгірдік",- дейді.

[caption id="attachment_68153" align="aligncenter" width="600"] Фото: tengrinews.kz[/caption]

"Казатомөнеркәсіп" АҚ басқарма төрағасы Аскар Жұмағалиев те қатысушылар қатарынан табылды.

[embed]https://www.instagram.com/p/BTN54vMhRCA/?taken-by=almatymarathon[/embed]

Марафонда еліміздегі 34 банктің жартысы командаларымен қатысты. Азиякредитбанк ұжымы.

Похожие материалы