Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда заңсыз акцияларға қатысқаны үшін әкімшілік сот 957 адамға жаза қолданды. Оның ішінде 670 адам қамауға алынып, 115 адамға айыппұл салынды, 172 адам ескерту алды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерін қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді.
"Прокурорлар 311 адамға қатысты жасалған әрекетті, отбасылық жағдайды және басқа да жағдайларды ескере отырып, сот қамауға алу мерзімін төмендету бойынша апелляциялық өтініш енгізді. Сот қолдап, олар босатылды. Бүгін тағы 63 адам шығады. 180 адам арнайы қабылдау орындарында қамауда қалады (Алматыда-100, Нұр Сұлтанда-80). Олардың мерзімі - 6-дан 15 тәулікке дейін",- деді Сапарбек Нұрпейісов.
Оның айтуынша, Бас прокуратура заңсыз митингтерді ұйымдастыруға жол берілмейтіндігін бірнеше рет түсіндірген, "бірақ арандатушылыққа түскеннен кейін елордада және басқа қалаларда жекелеген адамдар наразылықтарға шыққан".
"Нәтижесінде үш полиция қызметкері дене жарақатын алды. Полиция арнайы құралдарды қолданған жоқ, әкімдік, прокуратура және полиция түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп бұзушыларға полиция әкімшілік шара қолданды", - деп түсіндірді ол.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 12 маусымда Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берген болатын.
"Ұсталған адамдардың санын және олардың кінәсінің дәрежесін белгілеу қажет. Кінәсіз азаматтар мен наразылық орындарында кездейсоқ қалған адамдарды босату керек", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024