Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz – Алматы мәслихаты кезектен тыс сессияда қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарын мақұлдады, деп хабарлады қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі.
Жоспарда, атап айтқанда, метро желісін "Қалқаман" станциясынан "Барлық" базарына дейін 5,2 шақырымға ұзарту көзделген. Осылайша, метроның бірінші желісінің үшінші кезегін салу көзделген.
Бұдан басқа, аталған жоспарға Саин және Мөңке би көшелерінің қиылысындағы көлік айрығын салу, ұзындығы 39,7 шақырым болатын он магистральдық көшені ұзарту, сондай-ақ, қаланың сегіз шағын ауданында жол құрылысын бастау енгізілген. Олар: Шапағат, Боралдай, Теректі, Рахат-Мәдениет, Шұғыла, Ақжар, Маяк, Мәдениет аудандары.
Бүгінде Қазақстанның ең ірі қаласы, Алматының халқы 2 млн. адамнан асады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024