Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – Алматы облысының Талғар ауданында жаңа тау шаңғысы курорты салынды. Құрылыс құны 60 млн долларды құрады.
Жобаны қаржыландыру жергілікті инвестордың қаражатына, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік есебінен жүзеге асырылды. Жаңа нысанға мемлекет те қолдау көрсетті. Атап айтқанда, бюджет қаражатына кешенге дейінгі 6 км автомобиль жолы жөнделді.
Тау-шаңғы кешенінің жалпы аумағы 85 га. Теңіз деңгейінен 1500-1800 метр биіктікте орналасқан. Алдағы жылдары қазіргі 13 шақырымдық сырғанау жолақтарының ұзындығын 40 шақырымға дейін жеткізу жоспары бар.
Курорт жыл мезгіліне қарамастан қызмет етеді деп жоспарланған. Жаз мезгілінде шаңғы жолдары велосипед тебуге лайықталады. Демалушыларға түрлі ұлттың тағамын әзірлейтін 6 мейрамхана, 99 орындық қонақ үй қызмет көрсетеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024