Алматы. 05 тамыз. 7kun.kz — Британдық United Green компаниясы Алматы облысында құны 40 млрд теңгеден асатын балалар тағамын өндіретін зауыт салады. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.
Компания зауытты 2021 жылы пайдалануға беруді көздеп отыр.
"Отандық компаниялар үшін балалар тағамы өнімдерін өндіру орны игерілмеген. Сондықтан, облыстың Іле ауданындағы "Береке" индустриялық аймағында United Green (Ұлыбритания) трансұлттық компаниясын тарта отырып, балалар тағамын өндіретін зауыттың құрылысы жоспарланған", - деп атап өтті ведомствода.
Зауыттың құрылысы 42 миллиард теңгеге бағаланады. Зауыттың қуаттылығы-жылына 10 мың тонна өнім.
"Қазіргі уақытта қазақстандық балалар тағамы нарығы шетелдік өндіріс өнімдерімен ғана ұсынылған. Республикада әлемдік атаудағы танымал шетелдік өндірушілер - Nestle, HIPP, Nutricia, Danone сияқты, сонымен қатар Ресей, Украина және бірқатар шет елдердің танымал емес ойыншылары бар", - деді Алматы облысының әкімдігінде.
Ведомствоның айтуынша, зауыттың құрылысы осы сегменттегі отандық өндірістің дамуына ықпал етеді.
Айта кетейік, United Green- Ұлыбританияның ірі инвестициялық компаниясы. Оның қызметінің негізгі бағыттары – энергетика, жылжымайтын мүлік, азық-түлік.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024