Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы анықталды

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы анықталды

Алматы облысы. 9 қаңтар. 7kun.kz – Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген бірлескен операция барысында Алматы облысында орналасқан жасырын есірткі зертханасы анықталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Полиция мәліметінше, 7 қаңтарда ауқымды синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған күдікті ұсталды.

Тінту барысында 30 кг «мефедрон» психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реактивтер табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта синтетикалық есірткі өндірісіне қажетті жабдықтарды жеткізу арналары және басқа да сыбайластарды анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Похожие материалы