Талдықорған. 10 тамыз. 7kun.kz – Бейсенбі күні Алматы облысында Нарынқол ауданын құру туралы мәселе қаралды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
Мәслихат отырысының нәтижесі бойынша, үкіметке сәйкесінше ұсыныс беру туралы шешім қабылданған. «Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алматы облысының құрамында әкімшілік орталығы Нарынқол ауылы болатын және Алматы облысы Райымбек ауданынан жер бөлу арқылы жалпы ауданы 711 937 гектар болатын жаңа аудан құру туралы ұсыныс берілсін», - делінген маслихаттың шешімінде.
Аталып өткендей, республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жаңадан құрылған ауданға «Нарынқол» атауын беру туралы ұсыныс жіберілді. Бұған дейін Алматы облысында 16 аудан орталығы болса, жаңа ауданмен бұл көрсеткіш ұлғаятын болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024