Тауларда сел жүру қаупі әлі сақталады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер таулы аймақтарда жылу қорының көптігіне байланысты ескерту жариялады.
"Биік таулы аймақтарда жылу қорының көптігіне, қарқынды қардың еруіне және күтілетін жауын-шашындарға байланысты, 24-27 шілде аралығында Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде жаңбыр мен еріген қардың тасқыны қалыптасуы мүмкін, тауларда сел қаупі сақталады", - делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада. Еске сала кетейік, 23 шілдеге қараған түні Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024