Алматы. 6 тамыз. 7kun.kz - Алматы облысы Қарасай ауданында "Анаға құрмет" мұражайы жұмыс істеп тұр. Мұндай мұражайдың Қазақстанда баламасы жоқ. Ол бір жыл бұрын ашылса да, адам көп баратын танымал орындардың біріне айналған деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз-қызметі.
Екі қабатты мұражай ғимаратының жалпы ауданы 750 шаршы метр. Мұражай директоры - Бақыт Шпекбаева. Мұндай орынды ашу туралы идеяның авторы да, кейбір экспонаттарды жинаған да өзі. Ашылған уақыты - 2014 жылдың қараша айы.
Бүгінде бұл жерде 500-ге жуық түрлі заттар бар. Қазақстанның әйгілі әйелдері туралы мәліметтер, құжаттар, суреттер, тұрмыстық заттар және т.б бар. Облыс тұрғындары өз еріктерімен мұражайға экспонаттар әкеліп табыстайды.
Мұражайдың үлкен танымалдылыққа ие болуына кіре берісте орнатылған "Анаға тағзым" атты әйел-ананың ескерткіші себеп болып отыр. Ол жерге көбіне жас жұбайлар келіп тұрады.
Қызметкерлердің айтуынша, олар тек тарихта аты қалған әйелдер туралы ақпарат беріп қана қоймай, отбасы құндылығын нығайтуға да ат салысады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024