Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — Алматы облысында 36 жаңа нысанды ашу жоспарланған. Олардың арасында денсаулық сақтау, білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп нысандары, сондай-ақ тұрғын үйлер бар, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Тұңғыш Президент күніне орай 12 кәсіпорынды ашу жоспарланып отыр, ал қалғандары 16 желтоқсанға дейін іске қосылады. Сондай - ақ, Тұңғыш Президент күні қарсаңында Кербұлақ ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлайды: ауданда жалға берілетін тұрғын үйлер, Жамбыл ауданының Тарғап және Ұйғыр ауданының Қалжат ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар, Іле ауданында - 3 балабақша пайдалануға беріледі.
Мереке қарсаңында Қарасай ауданының Көкөзек ауылында сэндвич-панельдер мен профильдер өндіретін "Болашақ-Металл" зауыты өз жұмысын бастауды жоспарлап отыр. Нысанның жобалық құны - 110 млн теңге. Көксу ауданында "Сұлтан" шаруа қожалығы 200 басқа арналған бордақылау алаңын, сондай-ақ "Нұрлан"шаруа қожалығының базасында құрылған 200 басқа арналған сүт-тауар фермасын ашуды жоспарлап отыр. "Жолбосынов" ЖК 150 басқа арналған тағы бір бордақылау алаңы өз жұмысын Сарқан қаласында бастайды. Ұйғыр ауданының Дардамты ауылында "Eko product Plus" ЖШС 1 га жерге жылына 100 тонна қуаты бар жылыжай кешенін іске қосады. Жаңа нысандар қатарында Қаратал ауданында ашылатын 340 бас «Агроинвесткаратал» ЖШС бар шошқа өсіру кешені бар.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024