Алматы. 2 қараша. 7kun.kz - Алматы облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері 212 тоннаға жуық нарық бағасынан 20 пайызға төмен экологиялық таза өнім әкеледі. Мысалы, картоп 100 теңге, еттің бір килограммы 1200 теңге, ал 10 жұмыртқа 230 теңгеден сатылатын болады. Жәрмеңкеге қатысатын облыс аудандарының саны – 9 және 2 қала - Талдықорған мен Текелі 110 млн теңгеге жуық сомада 50-ден аса өнім әкеледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеге 100 тоннадан астам жеміс-көкөніс, 40 тонна ет, 10 тонна сүт және 4,5 тонна балық әкелінеді. Сонымен қатар, өсімдік және жануарлар майы, жарма, ұн және нан өнімдерін таңдауға болады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл осы маусымның 10-кеңейтілген жәрмеңкесі. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл, Ақтөбе және Алматы облыстарының қатысуымен 2 фестиваль және 7 кеңейтілген жәрмеңке өткізілді. Ауылшаруашылық жәрмеңкелердің басты мақсаты екіжақты ынтымақтастықты арттыру, халықты сапалы және қол жетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады.
Жәрмеңке 4 қарашада сағат 9:00-де Ұлттық ғылым академиясының (Шевченко көшесі мен Пушкин көшесінің бұрышы) алаңында өтеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024