Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысының прокуроры тағайындалды

Алматы облысының прокуроры тағайындалды

Алматы облысы. 2 тамыз. 7kun.kz – Алматы облысының прокуроры тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының келісімі бойынша бас прокурордың 1 тамыздағы бұйрығымен Адамов Берік Абызбайұлы Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Берік Адамов прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі ретінде бастады. Әр жылдары Астана қаласының, Қарағанды облысының прокуратураларында және орталық аппаратта түрлі лауазымды қызметтерді атқарған. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 17 жылдан асады.

Сондай-ақ Елдос Сағиев Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Похожие материалы