Алматы облысы. 28 шілде. 7kun.kz – «Алматы облысы Тұздыбастау ауылының тұрғындары 2 айдан бері ауыз сусыз қалғандарын айтып, дабыл қағуда, деп хабарлайды 7kun.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Тұрғындардың айтуынша, әкімдік бұл мәселеден хабардар. Алайда жылда аптап ыстық кезінде су болмай қалады.
«2 ай болды су жоқ. Мен 6 куб бассейнді 18 мыңға сатып алдым. Бассейнді суға толтырып, ішеміз», – деді ауыл тұрғыны Закир Тұрдымәметов.
«Су жоқ, сыздықтап ағатын еді, ол да болмай тұр. Түнгі сағат 22:00-де су береді, кейде таңға дейін күтіп жүреміз. Қолымызды даладан жинаған сумен жауамыз», – деді ауыл тұрғыны Гүлмира Құрманбаева.
«Талғар су» мекемесіндегілер жекеменшік иелігіндегі су құбырлар бір арық желісіне қосылып, мемлекетке өткен соң ғана мәселені шешуге болатынын атап өтті.
«Тарифтің бағасы осы күнге дейін Тұздыбастау ауылдық округінде 122 тиын болып келген. Жеке компаниялармен келісімшартта көрсетіліп тұрады, біз соған сай жұмыс істейміз», – деді «Талғар су» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК басшысы Қуатбек Смағұлов.
22 мың халқы бар Тұздыбастау ауылында ауыз су мәселесі жауыр болғалы қашан. Ал 22 мың тұрғыны бар Тұздыбастау әкімінің айтуынша, ауыл маңында салынып жатқан 12 шақырымдық магистральды су құбыры аяқталса, мәселені шешу жеңілдейді.
«Аудан тарапынан ақша бөлінді деп отырмыз. 90 миллион шамасында ПЗД жасауға, ішінде канализациясы да, су құбыры да енгіздік. Ауыстыру үшін қаражат қарастырылған», – деді Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі Мирас Баймолданов
250 метр шаршы кубты құрайтын қос құдықтың құрылысы алдағы қараша айында аяқталмақ. Ал әзірге жергілікті жұрт 1968 жылы салынған ескі құбырдан су ішп отыр.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024