Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – Қару-жарақ сатып алу науқаны 25 сәуірде басталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2022 жылдың 25 сәуірінен бастап келесі ескертуге дейін ел аумағында заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды халықтан сатып алу жүргізілуде. Аудандық полиция Басқармаларында азаматтардың өз еркімен тапсырған заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың техникалық жағдайын анықтау, төлемді белгілеу немесе ақшалай сыйақы төлеуден бас тарту үшін комиссиялар құрылды», – деді Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.
Өз еркімен қару тапсырылғандарға ақшалай сыйақы беріледі. Ішкі істер органдарында тіркелмеген кез келген қару заңсыз болғандықтан тапсырылуы тиіс. Қару қабылданған кезде, қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеру, зерттеу және тапсырылған заттың құнын бағалау үшін криминалистерге жіберіледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024