Экономика
Алматы қалалық сотының экс-басшысы Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан. 13 шілде. 7kun.kz – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы сотының жаңа төрағасы таныстырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов сот ұжымына Нұр-Сұлтан қаласы сотының жаңа төрағасы Жұмағұлов Ақан Маратұлын таныстырды», – делінген хабарламада.
Жұмағұлов 2020 жылдың қазанынан бастап Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болды, оған дейін 2017 жылдың маусым айынан бастап Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасын, ал одан бұрын 2015 жылдың мамыр айынан бастап Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болды.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024