Экономика
Алматы қаласы бойынша МКД көлік құралдары салығы бойынша борышкерлерден автокөлікті алу бойынша рейд жүргізуде
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алматы қаласының автожолдарында жеке сот орындаушылар палатасының, Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдерімен және Алматы қаласы Жол полициясының қызметкерлерімен бірлесіп "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен көлік құралдары салығы бойынша борышкерлерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.
Бүгін 4 қарашада 2021 жылы бірлескен іс-шараларды өткізу барысында "Сергек" камерасымен қарыз соммасы 534,1 мың теңге құрайтын NISSAN PATROL маркалы автокөлік тіркелді. Бұл автомашина ұсталып, арналған айыппұл тұрағына қамалды. Аталған іс-шаралар ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасатын болады.
Жалпы Алматы қаласы бойынша жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегінің жалпы сомасы – 3,6 млрд. теңге, борышкерлер саны 40 541 СТ, олар бойынша ЖТ берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтары шығарылды және мәжбүрлеп өндіріп алу үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына (Әділет департаменті және жеке сот орындаушыларының палатасына) берілді.
Өз кезегінде сот орындаушылары банктік шоттарға тыйым салу, мүлікті иеліктен шығару, сондай-ақ елден тыс жерлерге көшу құқығын шектеу туралы шешім қабылдауы мүмкін.Бұдан басқа, борышкерлер әлеуметтік төлемдер немесе жәрдемақылар, сондай-ақ білім беру депозиттерін алу үшін қажетті шоттардан басқа шоттар аша алмайды.
Сондай-ақ ЖТ меншік салықтары бойынша өздерінің салық міндеттемелерін өтемеген жағдайда заңнамада белгіленген мерзімде өсімпұл есептеледі.ЖТ көлік салығын төлеу мерзімі есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей, яғни 2020 жыл үшін 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін болып табылады.
"Салықтарды төлеуді E-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, Egov порталы арқылы, Қазпошта бөлімшелерінде, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы жүргізуге болады.Алматы қаласының барлық тұрғындарын уақытылы салық төлеуге шақырамыз", дейді Алматы қалалық МКД.