Алматы. 28 маусым. 7kun.kz – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Ал, Бауыржан Байбек мемлекет басшысының жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды.
Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келді.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы.
Әр жылдары премьер-министрі кеңсесінің жетекшісі, Павлодар облысының әкімі, экономикалық даму және сауда министрі, өңірлік даму министрі, үкімет басшысының бірінші орынбасары, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2016 жылдың 10 қыркүйегінен 2019 жылдың 25 ақпанына дейін Қазақстан премьер-министрі болды.
2019 жылдың 1 наурызында Қазақстанның мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды;
2019 жылдың 24 наурызынан 28 маусымына дейін Қазақстан президенті әкімшілігін басқарды;
2019 жылдың 28 маусымынан – Алматы қаласының әкімі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024