Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматы тауларында ең биік аспалы көпір мен абаттандырылған жаңа туристік бағыт ашылды

Алматы тауларында ең биік аспалы көпір мен абаттандырылған жаңа туристік бағыт ашылды

Алматыдағы Іле-Алатауы Ұлттық паркі аумағында «Бақыт соқпақтары» жобасы аясында жаңа абаттандырылған тау маршруты мен Қазақстандағы ең биік аспалы көпір ашылды. Еліміздегі ерекше маршрут пен көпір бүгін Ұлттық парк аумағына барған БАҚ өкілдеріне таныстырылды.   

Тау бағыты мен көпірлі BI Group компаниясы өзінің 30 жылдығына орай Алматының танымал тау бағыттарын абаттандыруға арналған «Бақыт жолдары» бастамасы аясында сыйға тартқан. 

Абаттандырылған тау маршруты Проходное шатқалы арқылы Терра алаңына және Алёшкин көпірінен 3330 метр биіктікте орналасқан Космостанцияға дейін жалғасады. Бұл – жаяу серуендеуді ұнататындар арасында кең таралған бағыттардың бірі. Маршруттың жалпы ұзындығы – 13,5 км, биіктік айырмашылығы – шамамен 1580 метр. Жобаның үшінші кезеңіне салынған инвестиция көлемі – 106 млн теңге.

Жоба аясында салынып, символына айналған Алёшкин көпірі – Қазақстандағы ең биік аспалы көпірлердің бірі. Ұзындығы – 50 метр, ал теңіз деңгейінен биіктігі – 3000 метрден асады. Жоба аясында бұдан бөлек екі экодәжетхана (Ecodomeo), үш ағаш беседка-шале, 14 орындық, 80 метр қауіпсіздік қоршауы, 6 бағыттаушы және 4 ақпараттық карта орнатылған.

Компания өкілдерінің айтуынша «Бақыт жолдары» жалғасын табады. Оның аясында 2026 жылы ұзындығы 17 шм болатын Бутаков шатқалындағы 4 маршрутты, 2027 жылы 11 шм болатын «Жапон жолы – экопост» бағыттарын абаттандыру жоспарлануда. Барлық бағыттар инфрақұрылыммен жабдықталады. Бұл бағытқа  335 млн теңге инвестиция бағыттылмақ. Сонымен қатар 100 млн теңге инвестиция бөліп, GPS-тректермен онлайн карталарды, тіркеу жүйесін, ТЖД-ға автоматты хабарлауды және қауіпсіздік нұсқауларын қамтитын цифрлық жүйе жасап, Алматы әкімдігіне берілмек.

2019 жылдан бері «Бақыт жолдары» жобасы аясында 27 шм соқпақ абаттандырылды, бес маршрут ашылды, 10 жаппа, 56 орындық, 30 көрсеткіш және карта, 600 метрлік баспалдақ пен тұтқа, 14 ақпараттық панель орнатылған. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 1 миллион АҚШ долларын (360 миллион теңге) құраған. 

Бұл жоба неліктен маңызды деген сұраққа жауап берген компания өкілдерінің айтуынша жыл сайын Алматы тауларына мыңдаған адам жаяу серуендеуге келеді. Бірақ кейбір бағыттар қауіпсіз емес – соңғы 5 жылда 260-тан астам құтқару операциясы жүргізілген. Сондықтан «Бақыт жолдары» жобасы қауіпсіздікті, жайлылықты және экологиялық шешімдерді ұштастыра отырып, бұл жағдайды өзгертуді көздейді.


Ұқсас материалдар