Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы тұрғыны басқаның құжатымен несие рәсімдеген

Алматы тұрғыны басқаның құжатымен несие рәсімдеген

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz  - Алматыда ер адам басқа адамдардың жеке куәлігімен үлкен сомаға тұтынушылық несие ресімдеді. Бұл туралы Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Қаскүнем Алматы аумағында жалған құжаттар бойынша екі миллион теңгеден астам несие алған, екінші деңгейлі банктердің филиалдарында банктік қарыз шартын жасаған", – делінген хабарламада.

Полиция департаментінде жәбірленушілер жеке куәлігінен айырылып, ал қаскүнем жоғалған құжатты пайдаланып, банкке барып, несие ресімдегенін айтты.

"Мегаполис полициясы азаматтарды күдіктінің жеке басын анықтауға көмек көрсетуге шақырады. Бұл туралы кез келген ақпаратты Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасына немесе 254-48-00; 254-48-03; +7-708-337 - 85-17 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауға болады", – деп хабарлайды Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы полиция майоры Болат Тотыбаев.

Похожие материалы