Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Алматы әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz - Болат Ержанов 2018 жылдың 12 маусымында Алматы халықаралық әуежайының жаңа президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды LS.

Бұрын ол тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі атқарушы директор болды.

Сонымен қатар, 11 маусымда 2009 жылдан бері әуежайды басқарған Айбол Бекмұхамбетов әуежай президентінің лауазымынан кетті.

Болат Ержанов өзінің еңбек жолын Қазақ Азаматтық Авиация Әкімшілігінің Павлодардағы бірлескен әуе жасағында бастады. Онда 1997 жылға дейін тасымалдауды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

1997 жылдан 2003 жылға дейін «Ертіс авия» авиакомпаниясында, «Эйр Қазақстан» авиакомпаниясында жұмыс істеді, 2003 жылдан бері Алматы қаласының Халықаралық әуежайында басшылық қызметтер атқарды.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы халықаралық әуежайын тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі атқарушы директор болды.

Похожие материалы