Алматы халықаралық әуежайының терминалын №405 зауытқа қарай кеңейту үшін VIP ұшу ғимараты сүріледі. Қазір акционерлер Универсиаде-2017 кезінде әуе айлағында жолаушыларды қабылдау мүмкіндігін арттыратын жобаны қаржыландыру жағын ойластырып жатыр. Бұл туралы Инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап, kapital.kz хабарлайды.
Сондай-ақ, комитет екінші терминал (қолданыстағы терминалдың кеңейтілуінен бөлек) құрылысының әлі басталмағанын айтты. Тіпті, акционерлер құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесін де дайындамаған. Сонымен бірге, жаңа траптар құрылысы да кейінге шегерілді.
«Әуежайдың жолаушы қабылдау мүмкіндігіне оң әсері байқалмайтындықтан, жаңа траптар салу мәселесі қарастырылмады», - дейді әуежай директоры Айбол Бекмухамбетов.
Ол ақпан айындағы Универсиада-2017-ге байланысты болған отырыста, керісінше, траптардың аздығын айтқан болатын. Азаматтық авиация комитетінің бағалауынша, қызме ткөрсету үшін қолда бар инфрақұрылым жеткілікті. Бүгінде әуежай 580 мың жолаушыға қызмет көрсете алады. Мәдениет және спорт министрлігінің айтуынша, Универсиада кезінде 33 мың спортшы мен жанкүйердің келуі болжанып отыр. Жоспар бойынша, 2017 жылдың қаңтарында жолаушы тасымалы көлемі 460 мың болуы керек. Әуежайдың қабылдау мүмкіндігінің резервтік көрсеткіші 100 мыңнан астам жолаушыны құрайды. Сонымен қатар, шетелдіктердің ыңғайлы демалысы үшін әуежай әкімшілігі Uber таксиі секілді қызметтермен серіктес болуы мүмкін.
«Бұл мәселені «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ мен Алматы әкімшілігі бірлесе пысықтайтын болады», - дейді азаматтық авиация комитетінің өкілдері. Алматы маңынан екінші әуежай тұрғызу ісіне келсек, авиация комитеті айтқандай, еш нәтиже жоқ. Үкімет бұрынғыдай стратегиялық инвестор тартуға тырысады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024