Алматы әуежайының сатылатыны туралы ақпарат жалған. Әлеуметтік желілерде таратылған қауесет туралы "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ-ның экономика және даму вице-президентті Серік Мұхтыбаев осылай мәлімдеді деп хабарлайды vlast.kz.
«Ақпарат негізсіз. Мұндай ақпаратты көрген жоқпын. "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ заңға сәйкес, барлық ақпараттарды сайтқа және Қазақстанның қор биржасына жариялап отырады», – деді телефон арқылы жауап берген С. Мұхтыбаев.
Алматы әуежайының сатылатыны туралы ақпаратты өткен апта соңында әлеуметтік желілірге маркетолог Әлімжан Бисембаев жариялаған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024