Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жаңа пәтер кілттері тапсырылды

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жаңа пәтер  кілттері  тапсырылды

Алматы. 15 желтоқсан. 7kun.kz – Тәуелсіздік күні қарсаңында қалада жастарға несие берудің «Алматы жастары» сынамалы бағдарламасы бойынша кілттер мен тұрғын үй сертификаттары табыс етілді. Бұл өміршең бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді.

Алматы әкімдігі мен «Тұрғынүйжинақбанкі» бірігіп қолға алған «Алматы жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі жас мөлшерін ұлғайтып, 35 жасқа дейінгі жас алматылықтарды қамтығанында. Алғашқы жарна төлемесе де, несие ең төменгі пайыз бойынша беріледі және жастардың қай жерде жұмыс істейтіндігінің еш қатысы жоқ.

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету – бұл жастарға қатысты маңызды мәселенің бірі. Олардың жұмысқа орналасуы, білім алуы үнемі жіті назарда. Сондықтан «Алматы Жастары» бағдарламасының аясында жыл соңына дейін 100 алматылық жас отбасы жеке пәтерлерінің кілттерін алады. Жастар бағдарламасы бойынша берілген заемға Алматыдан алғашқы үйді сатып алуға болады. Сөйтіп, ақша қалады. Яғни, осы ақшадан құрылысшыларға жалақы төленеді, кәсіпорындарға тапсырыс беріледі, құрылыс компаниялары қала бюджетіне салық төлейді», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Ол «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша салынған 6 мың пәтер кезекте тұрғандар арасында бөлінгенін де айтты. Жыл қорытындысы бойынша Алматыда кезекте тұрған әрбір төртінші отбасы жаңа үйге ие болады.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Похожие материалы