Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz - Алматыда "Жастарға 2020 жылға дейін қолдау көрсетудің Жол картасы" жасалды. Мұндағы негізгі бес бағытының бірі жастарды тұрғын үймен қамту. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жол картасы аясында Қазақстанның "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкімен" бірге жастардың үй сатып алуы үшін жеңілдетілген несие берудің мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Заемнің жылдық мөлшері 5 пайыз болады. Жас отбасыларға арнап жатақхана салу үшін 3,7 миллиард теңге бөлінген. Кәсіпкерлер субьектілеріне несие бөлу механизмдері арқылы 320 отбасын немесе 16 000 адамды тұрғын үймен қамту жоспарланған.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жастарды 2020 жылға дейін қолдаудың Жол картасы негізгі бес бағыттан тұрады, олар - сапалы білім, жұмыспен қамту, мәдени демалыс мен салауатты өмір салты, тұрғын үй және жас отбасыларды қолдау, белсенді жастар қаласы.
Айта кетейік, сондай-ақ, жол картасында жастарды жұмыспен қамтуға айрықша назар аударылған. Жастар практикасына қатысушылар қатары жыл сайын 500 ден 2000 адамға артатын болады. Биыл түлектерді жастар практикасына жіберу үшін қосымша 500 миллион теңге бөлінген. Биыл алғаш рет жұмыссыз және өздігімен еңбек етіп жүргендерге микронесие беру үшін 1 миллиард теңге бөлініпті.
"Олардың әрқайсысы өзінің бизнес-жобасын іске асыру үшін 18 миллион теңгеге дейін микронесие ала алады. Тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы арқылы 8 мыңнан астам жұмыссыз жастар қысқа мерзімді курстарға қатысып, мамандық алып шығады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Тэги:
- 7kun.kz
- тұрғын үй
- Жұмыспен қамту
- микронесие
- 7күн кз
- Экономика жаңалықтары
- тұрғын үй несиесі
- микрокредит
- «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі»
- Алматы жастары
- уй сатып алуға жеңілдіктер
- "Жастарға 2020 жылға дейін қолдау көрсетудің Жол картасы"
- сапалы білім
- мәдени демалыс
- салауатты өмір салты
- жас отбасыларды қолдау
- бизнес жобалар
- тұрғын үй бағдарламасы
- жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024