Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - Бүгінде мегаполистегі 16 қалалық базар қайта жөндеуден өтіп, жаңғырып жатыр. Олардың төртеуінің жұмысы осы жылдың соңына дейін аяқталады. Олар: «Байсат», «Қазына», «Кенжехан» және «Барыс-4», деп хабарлайды 7kun.kz.
Алматылық кәсіпкерлерге көлеңкеден шығуға көмек көрсетіліп, олар белсенді экономикалық қызметке тартылуда. Осы үшін дәстүрлі сауда заманауи өркениетті форматқа көшіріліп жатыр. Бұл жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты.
Спикердің хабарлауынша, бүгінде қалада 20 мыңнан астам кәсіпкер бизнес жүргізіп отырған 52 базар жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта 28 базар жаңартылды. 25 млрд теңгеден астам инвестиция салынды. Ондағы жұмыс орындарының саны 3,4 мыңға артты.
«Нәтижесінде біз сауда жағдайын жақсартып қана қоймай, антисанитарлық және стихиялық сауданы да тоқтатамыз. Базар қызметкерлері жұмыс берушілерден жалақы мен қажетті әлеуметтік аударымдарды ала алады. Сауда қызметінен бюджетке салық аударымдары ашық болады», - деді Е.Оразалин.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024