Алматы. 27 маусым. 7kun.kz - Ертең Алматыда қаласында «3.2.1.Старт!» жобасының финалы өтеді. Оның нәтижесінде жастардың ең үздік жобаларына грант беріледі. Биыл жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрайды.
«3.2.1. Старт!» жобасын 2017 жылы CCI Қазақстан компаниясы ұйымдастырған болатын. Бұл жоба бойынша компанияның серіктесі болып «Орталық Азияның Евразия Қоры» (ОАЕҚ) қоры табылады. Жобаның негізгі мақсаты - өңірлердегі өзекті әлеуметтік және экологиялық мәселелерді анықтап, шешімін табу және жастарға әлеуметтік кәсіпкерлік, жобаларды жүргізу мен жоспарлау шеберлігін үйрету.
Конкурс қатысушылары 18-29 жас аралығындағы колледждер мен ЖОО студенттері, еңбек жолын жаңа бастаған мамандар. Биыл жобаға 70-тен астам өтінім келіп түскен. Әділқазылар алқасы оның ішінен 10 жобаны финалға іріктеп алған.
Ақтық бәйгеге шыққан топтар 18-27 маусым аралығында интенсивті инкубация бағдарламасынан өтіп, әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері, жоспарлау, маркетинг, қаржы және таныстырылым жасау сияқты түрлі тереңдетілген тренингтерден өтті. Байқау нәтижесінде әділқазылар алқасы ең үздік жобалады анықтайды. Үздік жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы грант беріледі. Биылғы әділқазылар алқасының құрамына ҚР папрламент мәжілісінің депутаты, экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Дархан Қамзабекұлы Мыңбай, экологиялық ұйымдар қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Сағадибекқызы Соловьева, азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының төрағасы Нұрлан Сүлейменұлы Өтешов, дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам комитетінің төрайымы Әлия Қайратқызы Ғалымова.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024