Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – Алматыда 30 жастағы ер адамды жабылып зорлады деген күдікке ілінгендер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер адам 15 қаңтарда полицияға арызданып, бір күн бұрын жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне ұшырағанын айтқан.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Қылмыстың мән-жайы мен орны анықталды. Күдіктілер «ізін суытпай» ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандар 2001 және 2003 жылы туғандар. Олардың Алматыда тұрақты жұмысы жоқ», – дедінген хабарламада.
Сондай-ақ полиция қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«НеМолчи» қорының жазуынша, Оқиға 14 қаңтарда түнгі уақытта болған. 30 жастағы ер адамды өзін Жандос деп таныстырған ер адам үйіне алдап шақырып алып, тағы екі адаммен қосылып, зорлық-зомбылық жасаған.
Жәбірленушінің айтуынша, бұл тапсырыспен жасалған қиянат. Өйткені қаскөйлер не істегенін айтып, телефон арқылы біреуге есеп беріп отырған. Сонымен қатар жәбіренушіден 500 000 теңге талап еткен.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024