Алматы. 23 маусым. 7kun.kz – Алмалы ауданы, Әйтеке би көшесі,116 мекенжайы бойынша орналасқан 1947 жылы салынған ғимарат сүріледі. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. Басты себеп — аудандағы емханалардың жетіспеушілігі.
«Бүгінде халықты емханаларға тіркеудің еркін сипатына ие бола отырып, Алмалы ауданы емханаларына қаланың және облыстың басқа аудандарының тұрғындары ұмтылады. 224,5 мың тұрғыны бар аудандағы 18 емханада – 440 мың астам науқастарға, яғни екі есе көп қызмет көрсетіледі. 1947 жылы салынған ескі ғимаратты бұзып, ревматологиялық орталықтың орнына 500 келушіге арналған емхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаражат бөлінді», – деді әкім.
Қазір мұнда қалалық ревматологиялық орталық жұмыс істейді. Құрылысты 2024 жылы бастау жоспарланып отыр. Осы жылдың соңына дейін ревмоцентр Құрманғазы көшесіндегі оқу-клиникалық орталығының ғимаратына көшеді.
Сондай-ақ, биыл Райымбек батыр кесенесін қайта жөндеуден өткізу жоспарланған.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024