Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz - Алматы қаласының Медеу ауданындағы учаскелердің бірінде жасанды аналитикалық интеллект жобаны енгізу жоспарланып отыр.
"Ақылды" жүйе Орталық базар аумағында тестілік режимде орнатылады. Алдыңғы қатарлы отандық әзірлемелердің мүмкіндіктері адамдарды, автомобиль нөмірлерін, адамның немесе көліктің барабар емес қозғалысын, сондай-ақ қараусыз қалған заттарды тануға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты - адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Айта кетейік, жаңа жоба ауданның құқық қорғау органдары, кәсіпкерлер мен Nur Otan партиясының аудандық филиалы арасында меморандумға қол қойылғаннан кейін, сондай-ақ белгілі бір рәсімдерден өткеннен кейін іске асырылады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024