Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда әдейі өрт қойып жүрген адам өрт сөндіруші болып шықты

Алматыда әдейі өрт қойып жүрген адам өрт сөндіруші болып шықты

Алматы. 8 қыркүйек. 7kun.kz – Алматы маңында құрғақ шөптерге әдейі өрт қойып жүрген адам қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушісі екені анықталды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

7 қыркүйекте YouTube-тегі каналдардың бірінде видеоролик пайда болған. Соған сәйкес ҚР ТЖМ тексеру жүргізген.

«Видеороликте өрт қойғандардың бірі өртке қарсы қызмет қызметкері Жанат Утеулиев деп айтылған. Бейнероликте көрсетілген азамат Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, аға өрт сөндіруші, азаматтық қорғау сержанты, 1983 жылы туған Жанат Ерғалиұлы Утеулиев. Ол азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады. Ж.Утеулиевті Алматы облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады», - делінген министрлік хабарламасында.

Ол Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі және 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру шаралары барысында Утеулиев мас күйде болғандықтан, құрғақ шөпті не үшін өртегенін түсіндіре алмады.

Қазір қызметтік тергеу жүруде.

Похожие материалы