Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда микроқаржылық ұйымдар форумы өтіп жатыр

Алматыда микроқаржылық ұйымдар форумы өтіп жатыр

Алматы. 8 қыркүйек. 7kun.kz — Алматыда микроқаржылық ұйымдар форумы өтіп жатыр.

Форумды ұйымдастырушылар - KMF микроқаржы ұйымы. Шара ҚР микроқаржы ұйымдары қауымдастығының және ҚР Ұлттық Банкінің қолдауымен өткізіліп жатыр. Мұндай форумның басты мақсаты - мемлекет пен бизнестің байланысын нығайту мүмкіндіктерін талқылау, қаржылық сауаттылықты әлеуметтік және экономикалық өсу факторы ретінде арттыру үшін тиімді.

«Біз Қазақстанның ірі микроқаржылық ұйымы ретінде, 2013 жылдан бастап қарыз алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін халықты тегін оқытып жатырмыз. Осы уақыт ішінде 110 мыңнан астам қазақстандыққа отбасылық бюджет және қаржылық жоспарлауды оқыттық. Негізгі бөлігі ауылдық аймақтардағылар болып саналады. Мұндай оқуды аяқтаған адамдар өз қарыздық қаражатын басқару, бизнесті неғұрлым тиімді жүргізу кезінде құқық бұзушылық деңгейлері төмен екендігін көріп отырмыз. Сонымен қатар, біздің курсымыз бүкіл халықты қамти алмайтыны анық. Тек ересектерге ғана емес, жастар мен балаларға да қаржылық сауаттылықты үйрету керек», - дейді KMF басқармасының төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы