Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда ақшаны шетелге миллиондап тасығандар сотталды

Алматыда ақшаны шетелге миллиондап тасығандар сотталды

Алматы. 21 қазан. 7kun.kz Алматы жалған шот-фактурамен ақашаны миллиондап ұрлаған қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты сот үкімі шығарылды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыскерлер 2018-2020 жылдар аралығында өз бақылауындағы 25 компания арқылы 135 млрд теңгеге жуық сомаға жалған шот-фактуралар жазып берген. Соның салдарынан бюджетке 39 млрд теңгенің салығы төленбей қалды.

Одан басқа сатып алушы контрагенттердің бақылауындағы компаниялар шетел компанияларымен жалған шарттар жасасып, қыруар қаражатты республикадан тыс жерлерге шығарылған. Ол ақшаның жалпы сомасы 6,6 млн АҚШ долларды құрайды.

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі кінәлі деп танылды. Олар 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Тергеу кезінде 65 мың АҚШ доллары мен 20 млн теңгеден астам қаражат мемлекет кірісіне қайтарылды.

Похожие материалы