Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тұрғындармен жыл сайынғы есепті кездесу барысында қалалықтарға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Мегаполис басшысы соңғы екі апта ішінде 600-ден аса аналармен ондаған кездесулер өткенін атап өтті, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Жүздеген өтініштер сараланды, ең өткір мәселелер - тұрғын үй, коммуналдық қызмет төлемі, оқу мен жұмысқа орналасу. Барлық өтініштер, адрестік әлеуметтік көмек әдісінің өзгерісін қоса Үкімет жанындағы жұмыс тобына жіберілді. Әкімдік деңгейінде де қозғаушы күштер мен ресурстар бар, сондықтан біз бірқатар кешенді шараларды жасадық. Мысалы, Алматыда «Бақытты отбасы» арнайы әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы қолға алынады. Кезекте тұрған 1276 көпбалалы және толық емес отбасылардың көпшілігі тұрғын үйдің алғашқы жарнамасын төлей алмайтындықтан қала бюджетінен 1 млн теңгенің тұрғын үй сертификаттары беріледі. Алғашқы жарна пәтер құнының 10%-ін құрайды, төлем 18 жылға 2%-пен. Біз өткен екі жыл ішінде «Алматы Жастары» бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырдық. Құны 10 миллионға дейінгі 238 пәтер жас отбасыларға 5%-тік несиелермен берілді. Бұл істе нақтылы тәжірибеміз бар», - деді Бауыржан Байбек.
Жаңадан салынған үйлердегі құны 15 млн теңгеден аспайтын шағын пәтерлерге ғана несиелер беріледі. Биылғы жылы Алатау және Наурызбай аудандарында осындай 500-ден астам пәтерлер іске қосылады. Бұдан өзге, ескі үйлер сүріліп, олардың орындарына жаңалары салынады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша бес жыл ішінде 23 пәтер салу жоспарланған.
Айта кетейік, соңғы 3 жыл ішінде 10 мыңнан астам алматылық отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Оның ішінде 1356 пәтер қалалық тұрғын үй қорынан бөлінді, 8 мыңнан астамы жеңіл ипотека бойынша таратылды. Жаңа қонысқа ие болғандардың 40%-і әлеуметтік жағдайы төмен категориядағылар: 2375 пәтер көпбалалы және толық емес отбасыларға, 564-і мүмкіндігі шектеулі жандарға, 345 пәтер жетім балаларға, 165 пәтер зейнеткелер мен ардагерлерге берілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024