Алматы. 17 ақпан. 7kun.kz - Алматыда «Mizam» көтерме-бөлшек сауда орталығы ашылды. Сауда орнының ерекшелігі тек азық-түлік өнімдері сатылады және және 24 сағат жұмыс істейді.
Жаңа базардың бас директоры Досмұхан Керімбаевтың сөзінше, сауда орталығы азық-түлік сатылатын қаладағы ең арзан базар болмақ.
"Біз бұл базарды ашу кезінде Францияның әлемге танымал «Ранжис» нарығының тәжірибесіне сүйендік. «Mizam» тауар өндірушілермен тікелей жұмыс істейді, осылайша делдал ұғымы жойылады", - дейді ол.
«Mizam» көтерме-бөлшек сауда орталығы мемлекет пен жекеменшік серіктестігі негізінде жүзеге асырылған. Толықтай жеке инвестордың қаражатына салынған. Жобаның құны 3,1 млрд теңге. Орталықтың ашылуы арқылы 2000-ға жуық жұмыс орны қамтамасыз етіледі.
Базар солтүстік айналма жолы бойында орналасқан.
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024