Алматы. 7 шілде. 7kun.kz - 5 тамыздан бастап Жамбыл, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Гоголь, Мақатаев, Шәріпов, Мұратбаев көшелері біржақты болады.
- Мақатаев көшесі бойынша: Қалдаяқов көшесінен бастап Мұқановаға дейін қозғалыс батысқа қарай, ал Гоголь көшесінде Әуезов көшесінен Қалдаяқовқа қозғалыс бағыты шығысқа өзгереді.
- Бөгенбай батыр бойымен Қалдаяқовтан Масанчиге батыс жаққа, ал Қабанбай батыр көшесімен Масанчиден Қалдаяқовқа дейін щығысқа біржақты қозғалыс орнайды.
- Қарасай батырмен жүру үшін Масанчиден Розыбакиевқа дейін батысқа бағытталу керек болса, ал Жамбыл көшесінде керісінше Масанчиден Розыбакиевқа қарай шығысқа жүруге болады.
- Мұратбаевпен Райымбектен Шевченкоға дейін оңтүстікке, ал Шәріпов көшесімен Абайдан Мақатаевқа солтүстікке қозғалыс өзгереді.
Барлық біржақты жол қозғалысы орнаған көшелерде максималды жылдамдық 40 км/сағ болады. Сонымен қатар, Гоголь, Мақатаев, Қабанбай батыр көшелерінде қоғамдық көліктерге арнайы жол жолағы жасалады.
Бұндай жаңа бағыттар арқылы әкімшілік негізгі көлік магистраліндегі қозғалысты азайтып, автокөліктердің орташа жылдамдығын 12км/сағатқа төмендетуді жоспарлап отыр.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





