Алматыда "Оңай" электронды билет жүйесімен жасалған бірыңғай көлік карталары өз жұмысын бастады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
«Қоғамдық көлікте жолақыны электронды төлеу жүйесін ашық деп жариялаймыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жүйе 1 қазаннан бастап Алматы қаласында өз қызметін бастады. Бүгін қызметтің шынымен жұмыс істейтінін көрдік», — деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильин. «Қазір сатылымға картаның қарапайым түрі шықты. Жолаушылар картаны белгіленген жерлерден сатып алып, QIWI аппараты арқылы қаржысын толтыра алады. Карта бағасы - 400 теңге. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы бойынша студенттерге, зейнеткерлерге, оқушыларға карта тегін таратылады», — деді ол. Ю. Ильиннің мәлімдеуінше, қолма-қол ақы төлеу 1-қаңтардан бастап күшін жояды. Алайда желтоқсан айында-ақ жол жүру ақысын толық электронды жүйеге ауыстыруы мүмкін екенін мәлімдеді. Электрондық карта барлық қоғамдық көліктерге жарамды. Бірыңғай көлік карталары "Оңай" стикерлері бар жерлерде сатылады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024