Алматы. 29 шілде. 7kun.kz - Bolashak қауымдастығы 29 шілдеде Shera Park Inn қонақ үйінде «Bolashak Stories: сәтсіздіктен жетістікке дейін» атты жаңа форматта семинар ұйымдастырды. Семинарда "Болашақ" стипендиаттары өздерінің жетістігінің сырымен бөлісті.
Спикерлер қатарында «Сентрас Секьюритиз» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары және Басқарма Мүшесі «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда University of Glasgow оқу орнында білім алған Мұрат Ақынов болды. Ол Өзінің еңбек жолын 2006 жылы Сентрас Группасында жобалық қаржыландыру Департаментінің инвестициялық менеджері лауазымынан бастаған және қазіргі уақытта да сол жерде жұмыс істейді.
Сондай-ақ семинарға Бекен Арымбеков – Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу Техникалық университетінде «Білдек жасау, материалтану және машина жасау өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі қатысты. Бекен «Болашақ» бағдарламасы бойынша Канаданың University of Windsor оқу орнында білім алған. Бекен Қазақстандағы аддитивті технологиялар бойынша жетекші мамандардың бірі, сондай-ақ Қазақстандағы «Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс (Industry 4.0)» қозғалысының көшбасшысы. Ол Қазақстандағы алғашқы лазерлі принтерді және аддитивті технологиялар бойынша білім беру бағдарламасын жасап шықты. Жібек Қараманова – КЕРЕМЕТ Халықаралық Арт Бизнес Конференциясын ұйымдастырушысы, ҚР ҰКП жанындағы Халықаралық Арбитраждық Сот арбитрі, заң қызметтерін көрсететін KEREMET Holding компаниясының негізін қалаушы. Жібек «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондондағы Queen Mary университетінде білім алды. Жібек Қазақстанның, Ұлыбритания мен АҚШ-тың ірі заң фирмаларында, сондай-ақ Орталық Азияның көшбасшы инвестициялық компаниясында 10 жылға жуық қызмет еткен. Айнұр Ерімбет – киім дизайнері және PRIMO STUDIO Мата Үйінің негізін қалаушысы. Айнұр «Болашақ» бағдарламасы бойынша Италиядағы Polimoda Халықаралық дизайн және сән институтында білім алған. Италиядағы жоғарғы оқу орнының үшінші курсында білім алып жүрген кезінде, Айнұр Fashion Writing (Сән журналистикасы) мамандығы бойынша шеберлік курсын өту грантын ұтып алды, нәтижесінде Шебер дипломына ие болды. 2012 жылы Флоренцияда өткен PITTI UOMO халықаралық сән көрмесі кезінде CALVIN KLEIN және HARDY AMIES коллекцияларының сән көрсетіліміне институт атынан куратор болып тағайындалған. Оқуын аяқтағаннан кейін, Айнұр Қазақстанға оралды және Құралай Нұрқаділовамен, AB Restaurants және басқа да компаниялармен жұмыс істеді, кейіннен өзінің жеке кәсібін ашты.
Шараға барлығы 60-тан астам адам қатысты.
Мейірхан Амангелдиев
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024