Центркредит Банкінің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов әлеуметтік желідегі парақшасында ұрылар көлігінің айнасын шешіп кеткені туралы жазды. Оқиға Денис Тенге қастандық жасалған маңда болған.
«Кеше кешкі астан 23:00-де шығып, үйге қайтуға дайындалсам, көлігімнің айналарын шешіп алып кеткенін байқадым. Құрманғазы – Абылайхан бұрышында алған. Бұл Денистің айналарын алып кеткен жерден 50 метр жерде, ол оқиғаның қалай аяқталғаны бәріміздің есімізде. Ал осыдан 7 жылдай бұрын дәл осы ауданда менің көлігімнің терезесін сындырып, ноутбугымды алып кеткен. Осының бәрі біздің «алтын квадратқа» өте жақын. Шынында да, көлік иелері үшін алтын аймақ», деп жазды ол.
Ол айна шығынын сақтандыру өтейтіні, өзінің тек осы маңда адамдар өліп жатса да еш өзгеріс жоғына ашулы екенін жазды.
«Адамдар өліп жатса да, ештеңе өзгермейтініне ұяласың. Біраз шу шығарды, рейд жүргізді, ұрыларды тауып, инерциямен жарты жыл бойы бірдеңе жасады. Содан кейін бәрі қалпына келеді: полиция ешқандай жүйелі шара қолданбайды. Полиция күтіп тұрғанымда патруль көлігі төрт рет өтті, айна жоқ, мен көлікте отырып күтіп отырғанымды көрсе де ешқайсы тоқтамады. Өйткені, олар ұрыларды емес, жол ережесін бұзушыларды іздейді. Қайғылы оқиғадан кейін де бұл аумаққа ешкім камера орнатқан жоқ, орнатпайтын да сияқты», деп жазды ашулы БЦК басшысы.
Сондай-ақ ол жазбаның айналар туралы еместігін, ешқандай нәтиже бермейтін үстіртін шараларды өткізіп қоймай, процестер мен заңдарды өзгерту керек екеніне арналғанын жазды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024