Алматы. 8 қараша. 7kun.kz – Алматыда екі автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды. Тағы 15 адам жараланды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 98 және 201-ші бағыттағы жолаушылар автобусы соқтығысқан. Жол апаты Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан екі автобустың саябақ аймағына кіріп кеткенін көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, 201-ші бағыттағы қоғамдық көлік екінші автобустың бүйірінен соғып, инерциямен жолдың жиегінде тұрған адамдарды басып өткен. Құтқарушылар автобустың астынан бір адамның денесін алып шықты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024