Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz – Еліміздің төрт қаласында «Қазақстанды Көгалдандыруға Қатыс» науқаны өтуде.
Урбанистер қалаларды қалай тұрғызады, қала құрылысы саласындағы жаңа тенденциялар және экологиялық ғимараттардың болашағы қандай осы тақырыптар туралы №1 Алматы балалар үйінің тәрбиленушілеріне алматылық сәулетші Эльдар Хасанов танымды ақпарат берді.
Балалар ғимараттардың түрлі пішінде салынып, тіпті құрылыс ауада немесе суда орналасып, кеңістікте қозғала алатыны туралы білді. Ең бастысы, заманауи сәулеттің экологияны сақтауға бағытталатыны жайында кең мағлұмат алды.
Қазіргі үйлерге күн, су, жел энергиясы есебінен жылу мен жарық берілуімен қатар, үйдің дизайнында жасыл көшеттерді өсіруге арналған кеңістікті де қамтылуы мүмкін.
«Мен балаларға экоқалаларды тұрғызу үшін қажетті жаңа мамандықтар туралы жайлы әңгімеледім. Қалаларымыз көгалдандыруды қажет етеді. Қазақстанда тапсырыс берушілерге экоүйлерді ұсынатын мамандар бар. Алайда, бастапқы құны бойынша экоқұрылыстар қымбаттырақ, сондықтан адамдар мұндай ұсыныстан бас тартады. Алайда қоршаған ортаға экологиялық зиян келтірмеу шығындары жылдам өтеледі. Бүгінгі тыңдаушылардың арасында болашақ экоурбанист бар болуы мүмкін. Балалар сәулет және дизайнға қатысты дәрісті үлкен қызығушылықпен тыңдады», – деп бөлісті Эльдар Хасанов.
Балалар үйіне білікті тренер,сәулетшіні Henkel компаниясы шақырды. Бұл компания «Қазақстанды Көгалдандыруға Қатыс» акциясы шеңберінде Қазақстанда ағаш отырғызу науқанын бесінші жыл қатарынан жүргізіп келеді. Науқан кезінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Тараз қалаларында шамамен екі мың ағаш отырғызылды. Биылғы жылы тағы 185 көшет отырғызылады.
«Жыл сайын біз ағаш отырғызып қана қоймай, балаларға арналған білім беру бағдарламаларын өткіземіз. Бұл жолы біз балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін эко-квест ұйымдастырдық. Сәулетшінің әңгімесімен шабыттанған балалар қағаздан, пластилиннен және қолда бар басқа заттардан жасалған экоүйлер мен экокөліктің өз нұсқаларын ұсынды. Шараның соңында біз балалармен бірлесіп 35 көшет отырғыздық», – деді «Henkel» компаниясының сатылымдар бөлімінің жетекшісі Глеб Абдуллин.
Балалар үйінің тәрбиеленушісі Алина Гудзеева әнші болуды армандайды. Ол арманы орындалса, экологиялық науқандарды өзі өткізе алатынына сенімді.
«Маған келешектің үйлері өте ұнады. Олар әдеткі үйлерге ұқсамайды және экологияға мүлдем зиян келтірмейді. Егер танымал әнші болсам, экологияны қолдауға бағытталған шараларға қатысуға тырысатын боламын», – дейді Алина Гудзеева.
Николай Харлов 15 жаста. Ол есейгенде де өзі отырғызған ағаштың өсуін көру үшін балалар үйіне келіп тұратынына сенімді.
«Мен осында тұрғанымша ағашқа күтім жасайтын боламын. Осы жерден көшкенде де келіп, менің ағашым деп айтамын. Оны мен отырғыздым. Ағаш отырғызу маған ұнады және болашақта әлі де көп жасыл көшеттер отырғызамын деп үміттенемін», – дейді Николай Харлов.
Бүгін №1 облыстық балалар үйінде жиырма үш үйірме бар, олардың он сегізін еріктілер жүргізеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024