Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz — Алматы қаласы Алатау ауданының экс-әкімі Шахмерден Рыспаев 2 айға қамауға алынды. Ол сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі
"Тергеу сотының қаулысымен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, аудан әкімінің бұрынғы орынбасары да 2 айға қамауға алынды.
Ал әкімдіктің мәдениет бөлімінің басшысына қатысты кінәсін мойындауға және күдіктіге және оның қорғаушысына келу міндеттемесін беруге байланысты процессуалдық қамауға алу қолданылған жоқ.
Айта кетейік, олар 2019 жылы "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасарына қаысты мердігер ұйымның өкілінен орындалған жұмыстардың актілеріне нақты орындалмаған жұмыстардың орындалуы туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізу жолымен жалпы қамқорлығы, қызметтік жалғандық жасағаны үшін 500 мың теңге сомасында параны карточкалық шотқа банктік аудару арқылы алу фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024