Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz - Алматы кейбір дәрілердің бағасы өспейді. 105 түрлі препараттардың бағасы өзгермейді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті, Алматы қаласының әкімдігі және Қазақстанның фармацевтика қауымдастығы дәрілер және медицинада қолданылатын заттардың бағасын өсірмеу жөніндегі меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қоюдағы мақсат - халықтың әлеуметтік жағынан төмен топтарын қолдау. Дәрілер мен медицинада қолданатын заттардың отандық және халықаралық өндірушілері, дистрибьюторлар және бөлшек сауда өкілдері дәрілер мен медициналық заттардың айналым бағасын 2016 жылғы 1 сәуірдегі деңгей бойынша белгіледі және жиі қолданылатын 105 дәрі мен медициналық заттардың бағасын ұстап тұру жөніндегі әлеуметтік жауапкершілікті өздеріне алды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024