Алматы. 11 тамыз. 7kun.kz – Алматыда көпқабатты автотұрақтар пайда болады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының халқымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қала әкімінің айтуынша, көпқабатты автотұрақтар арқылы аулалар кеңейеді.
Жері жалға берілген көптеген көлік тұрағы бар. Бағдарламаны дайындап болғаннан кейін, ұзақ уақыт бойы 50 немесе 100 орынды тұрақтардан ақша тапқан иеленушілерге шарт қойғым келеді. 500 көлікке бес қабат тұрғыза аламыз. Аулалар да босайды.
«Биыл жыл соңына дейін Алматыда көпқабатты автотұрақтар салу бағдарламасын ұсынбақпыз. Бұл аулаларды ішінара босатуға көмектеседі. 2023 жылы біз жеке инвесторлармен жұмыс істей бастаймыз», – деді Ерболат Досаев.
Сондай-ақ қала әкімі бағдарламаны дайын болғаннан кейін, ұзақ уақыт бойы 50 немесе 100 орынды тұрақтардан ақша тапқан иеленушілерге шарт қойылатынын атап өтті келеді. Оның айтуынша, 500 көлікке бес қабатты автотұрақ салынатын болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024