Алматыда салынып жатқан 12 000 орындық мұз сарайының құрылысына қолданылып жатқан материалдардың 90 пайызға жуығы Қазақстанда шығарылады. Бұл туралы бүгін Алматыда 2017 жылы өтетін Универсиадаға арналған спорт нысандарына жасалған баспасөз туры барысында «Базис-А» құрылыс компаниясы басқарушы директорының орынбасары Константин Козлов мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.
Оның айтуынша, мұз сарайының құрылысына негізінен қазақстандық материалдарды қолдануға күш салынуда. «Келісім бойынша Мұз сарайын қолданысқа 2016 жылдың қазан айында беру жоспарланған. Бірақ біз оны сол жылдың тамыз айында, яғни мерзімінен бұрын тапсыруды көздеп отырмыз. Өйткені, кейбір жұмыстар бойынша уақыт кестесіне сәйкес, бір айдан аса уақыт алда келеміз. Қазір жоспарланған 58 000 текше метр бетонның 56 000 текше метрі құйылып болды. Бары-жоғы 2000 текше метр бетонды пайдалану ғана қалды. Қазіргі таңда сарай шатырының металл конструкциясын монтаждауды бастадық. Жоспарланған 4,5 мың тонна металдың 2 мың тоннасы монтаждалып болды. Қазір нысанда 970 адам жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіздік техникасы бойынша күн сайын нұсауқаулықтар жүргізіледі. Инженерлік желілер тарту жұмыстарының басталуына орай жұмысшылар санын көбейтіп жатырмыз», - деді өз сөзінде К.Козлов. Айта кетелік, Алматы қаласының Алатау ауданында салынып жатқан бұл мұз сарайының жалпы аумағы 10 гектар жерді алып жатыр. Көлемі жөнінен ТМД елдері арасында екінші орында. Кешен 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп бере алады. Мұз сарайының негізгі аренасында Универсиаданың ашылу және жабылу рәсімі өтеді. Сонымен қатар негізгі аренада мәнерлеп сырғанаудан, ал жаттығу аренасында керлингтен жарыс өтеді. Ал Универсиададан кейін мұз сарайында отандық және халықаралық деңгейде тұрақты түрде спорттық және мәдени шаралар өтіп тұратын болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024