Алматы. 10 маусым. 7kun.kz - Бүгін Төле би-Қонаев көшелерінің қиылысында McDonald’s ашылады деп хабарлайды компания.
Дегенмен компания нарықты жаулап алуға тырыспайды. "Burger King пен KFC-дің өз келушілер бар. Біз McDonald’s-тің өз жақтастары болуы үшін жұмыс істейміз. Егер мейрамханалар саны бойынша салыстыратын болсақ, Burger King пен KFC-дің нүктелері көп", - деп мәлімдеді компаниядан.
McDonald’s қазақстандық нарыққа шығу туралы келіссөздер 10 жылдан астам уақыт жүргізілгендігін де хабарлады. Логистикалық проблемаларға байланысты франшизаны сатып алу қиындай түскен. Ресейлік бөлім Қазақстанға жақын аумақтан жартылай фабрикаттар өндірісін ашқаннан кейін ғана желіні ашудың сәті түсті.
Айта кетейік, Қазақстандағы фастфуд нарығы 260 млн долларға бағаланып отыр. Зерттеу мәліметі бойынша, 18-35 жас аралығындағы тұрғындардың 20%-ы аптасына бір рет фастфуд-мейрамханаларына барады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024